mok
Бізбен бірге балаңыздың шығармашылық қабілеттерін дамытыңыз!

Мектеп бойынша экскурсия

Болашақтың мектебі
KazGASA мектебі

Сіздің балаларыңыз осындай мектепте оқиды деп елестетіп көріңіз.
Болашақ KazGASA мектебінде.
KazGASA мектебінің жаңа ғимараты 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Сіздерге өз есігін қуана ашады.
KazGASA мектебіндегі фойе

Фойе-бұл сіздің балаңызды күтіп тұрған кезде ыңғайлы уақыт өткізуге болатын жайлы орын. Кең күту залында жұмсақ дивандар, үлкен терезелер, көгалдандыру және уақытты тиімді өткізуге арналған кітаптар бар.

KazGASA мектебінің 2 қабаты - оқу кабинеттері

Біздің мектептің 2-қабатында жоғары сападағы интерактивті тақталар, оқуға арналған ыңғайлы мамандандырылған парталар, кең терезелер және оқушыларға арналған барлық ыңғайлылықтармен жабдықталған оқу сыныптары орналасқан.

KazGASA мектебінің 2 қабаты - мәжіліс залы

KazGASA мектебінің мәжіліс залы жаңа технологиялармен – интерактивті тақталармен және проекторлармен жабдықталған. Олардың көмегімен онлайн семинарлар мен конференциялар өткізуге, слайдтар, бейнефильмдер мен диаграммалар көрсетуге болады, бұл оқушылардың оқу және білім алу процесін жақсартады. Сондай-ақ, залдың дизайны әр балаға ыңғайлы болатындай етіп жасалған.

KazGASA мектебінің 3 қабаты - медиатека

Мектептегі медиатека – бұл кітаптар қоры мен әртүрлі техникалық және ақпараттық құралдардың жиынтығын қамтитын құрылымдық бөлімше, онда кітаптарды, ақпараттық және техникалық құралдарды сақтауға арналған педагогикалық негізделген жабдықтар мен жиһаздар кешені, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін даралау және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған әртүрлі жұмыс аймақтары және оқу залы бар.

KazGASA мектебінің 3 қабаты - көркем өнер шеберханалары

Мектептің көркем өнер шеберханасы – минималистік стильде жасалған: кабинеттің ақ қабырғаларын оқушылардың суреттері мен жұмыстарын толықтырады, бұл кабинетті кең әрі жайлы етеді. Кабинет кенептер, кеңсе керек-жарақтарын сақтауға арналған шкафтар, сондай-ақ ыңғайлы жұмыс орындары сияқты барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.

KazGASA мектебінің 3 қабаты - сызу кабинеттері

Болашақ сәулетшілерді, дизайнерлерді және құрылысшыларды дайындауға арналған мультимедиялық сызу кабинеті KazGASA мектебінің оқу бөлмелері кешенінің маңызды бөлігі болып табылады. Оның дұрыс дизайны, заманауи жабдықтар мен әдістемелік әдебиеттердің болуы теориялық және практикалық білімді жақсы меңгеруге ықпал етеді. Дұрыс жабдықталған кабинет шығармашылық дамуды қамтамасыз етеді және оқушылардың өзіндік жұмысын ынталандырады.

Физика және ағылшын тілін тереңдетіп оқыту кабинеттері

Кабинеттерді jқытудың техникалық құралдарымен жабдықтау, кабинет дизайны, қолайлы психологиялық ахуал жасау пәнді игеру және оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту процесінде маңызды рөл атқарады. KazGASA мектебінің кабинеттерінде Cіздің балаңызға ыңғайлы болу үшін барлық жағдайлар қарастырылған.

Физика кабинеті

Біз оқушыларға заманауи және сапалы оқу жабдықтары мен бағдарламасын ұсынамыз, соның арқасында физика пәнін оқу тиімді әрі қызықты болады.

Сызу кабинеті

Сызу кабинеті заман талабына сай жасалған. Сабақ барысында презентацияларды қолдану, сызбалар жасау үшін қолданыстағы бағдарламалық жасақтамамен танысу мүмкіндігі, осы пәннің мақсаттары мен міндеттерін түсінуге қызмет етеді.

Ағылшын тілі кабинеті - Алматы

Бұл кабинет ағылшын тілді елге кішкентай терезе секілді. Сондықтан оның дизайны мен жабдықтарына неғұрлым көп күш жұмсалса , студенттерге ағылшын тілін үйренуге бейімделу оңайырақ болады. Оқу процесінің тиімділігін компьютерді пайдалану арттырады.

Ағылшын тілі кабинеті - Нур-Султан

Ағылшын тілі кабинетінде әр түрлі оқыту бағдарламаларымен жұмыс істеу жүзеге асады, бұл тек есте сақтауды жаттықтыруға ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілін меңгеру деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Галерея

INSTAGRAM

school kazgasa @kazgasa_school

    Оқуға түсуге өтінім қалдыру